Әйел зорлаған жолсеріктер 5 жылға сотталды
Жетес Үмбеталиев пен Қолқанат Құрманиязовтың кінәсі толық дәлелденді. Қорғаушылардың «жыныстық қатынас екіжақты келісім бойынша болды» деген дәлелі айғақталмады. Сондай-ақ «жәбірленуші дәрменсіз жағдайда болды» деген жайт сот қарауы барысында жоққа шығарылды. Жетес Үмбеталиев пен Қолқанат Құрманиязов Қылмыстық кодекстің 120-бабы бойынша «айыпты» деп танылды. Яғни алдын ала келісім бойынша топтық зорлауға барған. Олардың әрқайсысы 5 жылға бас бостандығынан айырылу жазасына кесілді.
Жасұлан Достияров, қалалық сот судьясы:
- Бұл санкция бойынша 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қаралған. Олардың бұрын қылмыс жасамағандығын, кәмелетке толмаған балалары бар екендігі және жұмыстан берілген жақсы мінездемелерін ескере отырып, осындай ең төменгі жазаны тағайындап отырмыз. Бұл әлеуметтік әділеттілік орнап, олардың дұрысталуына жеткілікті мерзім деп есептейміз.