Хабар телеарнасы

Қостанай облысында ежелгі балықтың қаңқасы табылды

Кәсіпорын геологының айтуынша, ежелгі балық палеозой дәуіріне жатады. Яғни осыдан 200 млн жыл бұрын тіршілік еткен. Ал ғалымдардың болжамына сүйенсек, бұл су кесірткесінің қаңқасы болуы мүмкін. Себебі осы аумақта 200 млн жыл бұрын Тетис деген теңіз болған. Ежелгі сүйекті зерттеуге республикалық орталықтың мамандары тартылмақ. Әзірге балық қаңқасы кәсіпорын кеңсесінде тұр. Кейін облыстық өлкетану музейіне жеткізіледі.

Андрей Андрющенко, тарихи-өлкетану музейінің ғылыми қызметкері:

- Алдымен оны құм-саздан аршып, дұрыстап тазартып алу керек. Сосын нақты анықтап алу үшін палеонтолог маманды шақыру қажет. Біз осыған дейін мозазавр, плезиозавр, теңіз қолтырауындарының қалдықтарын талай рет тапқан болатынбыз. Ал мұндай бүтін, көлемді ежелгі тіршілік иесінің қаңқалары сирек кездеседі.