Ақтөбеде жемқорлыққа қарсы күрес орталығы ашылды
Орталық «Open space» жүйесінде қызмет атқарады. Яғни кез келген азаматтың лауазымды тұлғаға көкейкесті сұрағын тікелей қоюға мүмкіндігі бар. Алғашқы жұмыс күнінде тұрғындарды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевтың өзі қабылдады. Ол Ойыл ауданынан келген кәсіпкер Қуаныш Қыстаубаевтың шағымын тыңдады. Қожалық басшысы мемлекеттік субсидияны бір жылға жуық уақыт ала алмай жүр екен.
Қуаныш Қыстаубаев, шаруа қожалығының жетекшісі:
- Былтыр «Сыбаға» бағдарламасымен қой алуға несие алған болатынмын. Ұзақ уақыт бойы алған малымды несиелей алмай, құжаты дұрыс болмай жүріп қалдым. Соңында «мақсатты пайдаланған жоқ» деген сылтаумен пайыздық субсидиядан айырылып отырмын.