Хабар телеарнасы

Елжан Біртанов азаматтарды қабылдады

Ведомство басшысымен тікелей кездесуге 40-қа жуық адам ниет танытыпты. Олардың дені квота кезегін тым ұзақ күтетінндігіне және жергілікті жердегі дәрігерлер мен басқарма мамандарының салғырттығана наразы. Арасында әлеуметтік сұрақтар бойынша жүгінген де болды. Айта кетейік, онлайн байланыс арқылы аймақтағы тұрғындардың да арыз-шағымы тыңдалды. Түркістандықтар мүгедектік арбасын ала алмай жатқандығын, ал Арал жұрты нашар экология салдарынан денсаулықтары сыр беріп жатқанын жеткізді. Министр көтерілген әр мәселені тиісті сала мамандарымен шешуге уәде етті.

ГауҺар Бисарина, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметінің басшысы:

- Денсаулық сақтау министрлігінің сайтында берілген кесте бар. Ол кестеде министрдің және орынбасарларының қабылдауы жазылған. Сол арқылы азаматтар жеке қабылдауға жазылуға болады немесе 743 2 40 нөмірі, Нұр-Сұлтан коды 7172 арқылы да жазылса болады.