Агробизнес саласына 5 млрд теңге инвестиция салынған
Оның тең жартысына жуығы жеке, қалғаны өңірдің ауыл шаруашылығын көркейтуге мемлекеттен төмен пайызбен берілген несие. Жыл басында мақұлданған үш ірі жоба құрылысы кезең-кезеңімен жүріп жатыр. Олар келер жылы Түпқараған және Мұнайлы ауданында іске қосылады деп күтілуде. Нәтижесінде 300-ге тарта жұмыс орны құрылмақ. Фабрика уақытында ашылса, ішкі нарықты жылына 5 мың тонна құс етімен қамти алады. Ендігі жылы Мұнайлыда тағы бір құс фабрикасы салынбақ. Құны 5 млрд теңгелік жоба бір жылдан соң пайдалануға берілуі тиіс.
Серік Қалдығұл, облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы:
- Үш жобаның құрылысы басталды. «АқтауАгро» құс фабрикасы салынып жатыр. Осы сынды фабрикалар іске қосылады деп жобалап отырмыз. 2020 жылы аяқталып іске қосылады. Құс фабрикасының өзінде 120 жергілікті адам жұмыспен қамтылады. Жылыжайда 20 шақты адам, жем зауытында 50 шақты адам жұмыс істейтін болады. Өндірістер іске асқанда, шыққан шығындарына да субсидия береміз.