28 жастағы бұрын сотталған азамат қала іргесіндегі ормандағы екі жас ағашты кескен. Бұл құқықбұзушылықты табиғат сақшылары дер кезінде байқап, оқиға орнына жетті. Өз әрекетін қаскөй: «Жұмыссызбын, шырша алуға ақшам жоқ», – деп түсіндірген. Полицейлер: «Жыл басынан бері осындай 12 оқиға тіркелді», – дейді.
Бауыржан Ыдрышев, ҚПБ табиғат қорғау қызметінің инспекторы:
- Осы екі ағашты ол Жаңа жыл мейрамында өз үйіне, балаларына, отбасына арнайы кескен. Осы жылы өткен жылмен салыстырғанда ағаш кесу фактілері көбейді. Семей қаласы бойынша 5 үлкен сату орындары тексеріліп, оның ішінде біреуінің құжаттары дұрыс болмай, 38 шыршасы алынып, кейін дұрыс болғандықтан, қайта иесіне қайтарылды.