Жаңа жыл қарсаңында ерекше шыршалар жасалуда
Бүгінде мерекенің басты нышаны жасыл шыршаның саудасы қызып тұр. Оны безендіруге арналған ойыншықтар мен жарқылдаған әшекейлерден көз сүрінеді. Қазір барлық мекемеде жаңажылдық шаралар өтіп жатыр. Әйтсе де көпшіліктің таңдауы жасанды шыршаларға көбірек түсетін сыңайлы. Павлодарда қазір терезе жақтаулары, картон қаттамалары, тіпті алюминий құймасынан жасалған шыршалар бар. Ал Наталья Татарникова – перделер салонының иесі. Кәсіпкер әйел мата мен кендір жіптерден 20-ға тарта шырша құрастырыпты. Олар бірін бірі қайталамайды. Кестеленген шыршалар да бар. «Бір күндік қызық үшін тірі ағаштарды баудай түсіретіндерге ой салса екен», – дейді ол. Қысы-жазы өңін бермейтін табиғаттың сұлу жаратылысы жасыл шыршалар жаңа жылда аяусыз оталады. Павлодар қаласы аумағында шыршаны заңсыз саудалаған 19 саудагер анықталыпты. Олар енді айыппұл төлейтін болды.
Наталья Татарникова, кәсіпкер:
- Мен шыршаны кесуге үзілді-кесілді қарсымын. Себебі қазір жасанды шыршалар өте көп. Ал жасыл желекті жоюдың табиғатқа зияны көп. Ерінбеген адам кез келген затты пайдаланып, ойдан шырша құрастыра алады. Мәселен, біздің салонға келген кейбір адамдар менің жасаған шыршаларымды көріп, тапсырыс беріп жатады. Мен оны қайталанбайтын туынды дер едім.
Қасым Рақымжанов, кәсіпкер:
- Мына шыршаны адам баласы көп болса 2 жұма ғана пайдаланады. Далада өсіп тұрған ағашты шабады да лақытырып тастайды. Соны лақтырмау үшін быз мынандай шырша жасаймыз. Өзіміздің заттарды іліп қоямыз. Жаңа жыл біткен соң, біз мұны қайтадан қораптарына салып сатамыз.