Ұшақ бортында болған жолаушы оқиғаның қалай болғанын айтып берді
Гүлнар Көшенова төтенше жағдайдың қалай болғанын айтып берді.
Гүлнар Көшенова, ұшақта болған жолаушы:
- Мен борттың артқы жағында отырдым. Біз ұшқан сәттен бастап ұшақ дірілдей бастады. Кейінірек салондағы қол жүктері құлады. Мен қауіпсіздік белдігін байланған бойы басымды бұғып отырдым. Тоқтаған соң басымды көтерсем, ер азаматтардың бірі апаттық есікті ашып жолаушыларды сыртқа шығара бастады. Әйелдер мен балаларға жігіттер көмектесті. Бірден жан-жаққа, әуежайға хабарластық. Күзет көлігі, өрт сөндірушілер мен жедел жәрдем келді. Ол кезде қараңғы болды. Сыртқа шығарған адамдарды автобуспен әуежайға апарып бірінші кезекте жағдайы ауыр адамдарға медициналық көмек көрсетті.