Хабар телеарнасы

Ұшақ апатынан зардап шеккендерге донорлар қажет

Әуе көлігі тұрғын үй секторына құлаған. Қазір оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеуде.

Жандос Айтбаев, тілші:

- Жағымсыз жаңалықты естіген бетте біз оқиға орнына бірден жеттік. Құлаған ұшақтың жанында тұрғанбыз. Санаулы минуттардан соң полиция қызметкерлері журналистерді оқиға орнынан алыстатты. Бізге жеткен ақпарат бойынша дәл қазір іздестіру-құтқару жұмыстары әлі де жалғасуда. Қаза болғандардың қатарында жас балалар да бар. Сонымен бірге құтқарушылар 80-ге жуық адамды жедел түрде ауруханаға жеткізді.