Апатқа ұшыраған ұшақ түріне ұшуға уақытша тыйым салынды
Алмас Сәдуақас, тілші:
- Алматы маңында бүгін таңсәріде қайғылы жағдай болды. Біз осы апаттан зардап шеккен жандардың жақындарына қайғырып көңіл айтамыз. Оқиғадан кейін Алматы халықаралық әуежайында қарбалас. Ұшу рейстерінің ұшу-ұшпауы белгісіз болған. Әуежайдың баспасөз қызметінің басшысы Наталия Соколованың айтуынша, ұшағы апатқа ұшыраған компания бірнеше рейсін тоқтатқан еді. Ал қазір ішкі және халықаралық рейстер қалыпты уақытымен ұшып-қонып жатыр.
Айта кетейік, бүгін Алматыда 95 жолаушы мінген ұшақ апатқа ұшырады.