Апатқа ұшыраған лайнерді Bek Air әуе компаниясы 2013 жылдан бері қолданып келген
Алматы маңында апатқа ұшыраған лайнерді Bek Air әуе компаниясы 2013 жылдан бері қолданып келген. Осыдан 13 жыл бұрын Fokker-100-дің 229 ұшағын әлемнің 47 әуе компаниясы пайдаланған. Ал осы жылдың 20 шілдесіне дейін жалпы саны 16 фоккер ірі апатқа ұшыраған. 183 адам қаза тапты. Қазақстанда фоккерге қатысты дау алғаш рет 2014 жылы болды. Ол кезде ұшақтың техникалық жүйесінде сәйкессіздік болып, көкке көтерілуге тыйым салынған.
Еске салсақ, бұл Алматы маңындағы бірінші апат емес. 2013 жылдың 29 қаңтарында SCAT әуе компаниясының жолаушылар ұшағы апатқа ұшыраған болатын. Ол кезде борттағы 16 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі қайтыс болды.