Қасым-Жомарт Тоқаев ұшақ апатына байланысты кеңес өткізді
Жиынға Үкімет өкілдері де қатысып, қайтыс болғандардың рухына 1 минут үнсіздік жарияланды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы маңында ұшақ апатынан адамдардың қаза болуына байланысты 2019 жылдың 28 желтоқсанын жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады. Сондай-ақ Президент «Қаза тапқандардың туыстарына және зардап шеккендерге қаржылай қолдау көрсетіледі», – деді.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Құрметті әріптестер! Өздеріңізге мәлім Алматы маңында ұшақ апаты болды. Қазіргі мағлұмат бойынша 12 адам қаза тапты. Біразы зардап шекті. Қазақстан халқының және өзімнің атымнан қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтамын. Қаза тапқан және зардап шеккен адамдарға қаржылай көмек көрсетіледі. Бұл мәселемен Үкімет айналысады. Ал енді қайтыс болғандарды орнымыздан тұрып бір минут үнсіздікпен еске алайық.