Тәуелсіз сарапшы: Ұшақ қозғалтқыштағы ақауға байланысты құлауы мүмкін
Ол әуе кемесінің бейнежазбалары мен фотоларын негізге ала отырып, «ұшақ фюззеляжына мұз қатпаған» деген ойда. Маман апат экипаждың қателігінен болуы да екіталай деп отыр. Сарапшы: «Жолаушылардың аман қалуы, куәгерлердің бейне түсірілімдері мен фотолары ұшақ көкке көтеріле бергенде қозғалтқышта ақау пайда болғанын көрсетеді», – дейді.
Юрий Антипов, тәуелсіз сарапшы:
- Жолаушылар ұшақ көтерілгенде қатты дірілдеп, көп шу шығарғанын айтады. Яғни әуе көлігінде мұз қатып қалған күннің өзінде мұндай селкілдеу болмау керек еді. Ұшақ тек ауырлап, жерге құлап түседі немесе оның қанатын басқару геометриясы өзгереді. Мен бұл жерде оны көріп тұрған жоқпын. Жапқыштар дұрыс бағытта болған. Ал сол жақтағы шеткі элерон ұшақты оң жаққа бұруға кедергі келтірген сияқты. Яғни бұл пилоттың ұшақтың қалыптан тыс әрекетімен күрескенін көрсетеді. Сондықтан кеменің оң жағындағы қозғалтқышта ақау пайда болды деп ойлаймын.