Ұшақ апатынан зардап шеккендерге жалған ұйым қаржы жинауда
Бұл туралы балалар құқығын қорғау ұйымының уәкілі Аружан Саин мәлімдеді. Беймәлім ұйымға тез арада тексеріс жүргізілмесе, ел тұрғындарының ақшасы алаяқтар қалтасын басуы мүмкін. Осы орайда Аружан Саин әлеуметтік желілердегі «қаражат жинаймыз» деген кез келген ақпаратқа сенбеу керектігін айтады.
Аружан Саин, балалардың құқығын қорғау ұйымының басшысы:
- Сіздерге айтар кеңесім: «көмек беремін» деп шығындалып қалмаңыздар. Егер мынадай жағдайда әуе компаниясы көмек бере алмаса, мемлекет қол ұшын созады. Немесе арнайы қорлар жәрдемдеседі. Сондықтан да жалған ұйымдарға алданбаңыздар.