Ұшақ апатына қатысты тергеу жұмыстары басталды
Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ұшақ апатына себеп болған үш жағдайды айтты.
Ерлан Тұрғымбаев, ҚР Ішкі істер министрі:
- Біріншісі – экипаж қателігі, екінші себебі борттың техникалық ақауы болуы мүмкін. Ал үшінші нұсқасы – навигация қызметінің жұмысы. Бүгінгі таңда әуе апатына қатысты тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Айта кету керек, қазір лайнер әуежайға жеткізілді. Ол жақта ұшақты тағы да толық қараймыз.