Интернет-радио Димаш Құдайберген шығармашылығы туралы ақпарат таратады
Оның ішінде Қазақстан да бар.
Интернет-радио Димаш Құдайбергеннің шығармашылығы, берген концерттері мен болған елдері, туған жері туралы ақпаратпен бразилиялықтарды таныстыратын шоу ашқан. Бағдарлама әр бейсенбі күні кешкі 21:00-де өтеді. Жобада Димаш қатысатын шараларды Қазақстанның Мәдениет министрлігі қолдайтыны және Үкімет ел мәдениетінің жаһанға танымал болып келетінін мақтан тұтатыны жайлы да айтылады.
Бағдарламаны ашуға жергілікті фан-клуб түрткі болды. Оған 4 мыңнан аса адам мүше. Ұйым халықаралық фан-клуб құрамына кіреді. Әлемнің әр түкпіріндегі белгілі өнер қайраткерлері мен қарапайым адамдар сүйікті әншілері туралы пікірлерімен бөліседі. «Ұлы дала дарыны өнер адамдарын шығармашылыққа шабыттандырады», – дейді олар.