Ұшақ апатында жүкті әйелді ажалдан арашалап қалған Темірлан Қадауов марапатталды
Оған қалалық Полиция департаментінің басшысы Серік Күдебаев алғыс айтып, «Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін» медалін кеудесіне тақты. Темірлан жанында отырған жүкті әйелді құтқарумен қатар апатқа ұшыраған өзге де жолаушыларға көмек көрсетті. «Ол – бұл марапатқа нағыз лайықты азамат», – дейді тәртіп сақшылары.
Естеріңізде сала кетейік, өткен жылдың желтоқсан айында Алматыда болған ұшақ апатынан кейін 12 адам қаза болды. 60 адамға дәрігерлік көмек көрсетілді. Қазір Bek AIr компаниясына тиесілі ұшақтың апатқа ұшырауына байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.