Қазақстанға визасыз кіре алатын мемлекеттердің тізімі кеңейтілді
Оған бірқатар мемлекетпен визасыз келіп-кету жүйесінің енгізілгені әсер етті. Қыркүйек айында Қазақстанға азаматтары визасыз кіре алатын мемлекеттердің тізімі 12 елмен толыққан еді. Бұған дейін елімізде 30 күнге дейін 45 мемлекеттің азаматтары визасыз жүре алатын. Атап айтқанда, Қазақстан мен Гонконг арасында 14 сағат визасыз жүруге мүмкіндік беретін келісім бар. Бірқатар Еуропа елінің тұрғындары Қазақстанға 30 күнге дейін визасыз келе алады. Ал Армения, Беларусь, Молдова, Ресей, Моңғолия, Украина және Грузия азаматтары ел аумағында 3 ай бойы визасыз жүре алады.