20:00Эфирде:Итоги дня. Хабар 24
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

2019 жылы «Хабар» Агенттігі 11 телехикая мен 96 мультфильм түсірді

  • Категория: Сюжеттер
Khabar Agenttigi
Khabar Agenttigi

2019 жыл «Хабар» Агенттігі үшін құтты болды.

Агенттік талай жаңа жобаға бастамашы болып, халықаралық наградаларды жеңіп алды.

Биыл «Хабар» Агенттігі «Жыл таңдауы» байқауында жүзден жүйрік шықты. Яғни саладағы үздік деген атаққа ие болды. Бүгінде «Хабар» – төрт арнаны біріктірген алып Агенттік. Күн сайын 5 тілде хабар таратады. Құрылғанына биыл 25 жыл толады. Агенттік өткен бір жылда қоғам үшін өзекті тақырыптарда мыңдаған сюжет, жүздеген бағдарлама мен жобалар жасап шығарды.

Тарихы терең «Хабардың» хабарын іздеп көретіндер аз емес. Тіпті әлеуметтік желіде Агенттік парақшасына жазылғандары қатары 1 млн-нан асып жығылды. Сөйтіп Хабар «Золотая кнопка» наградасын жеңіп алды.

Жалпы өткен жыл Агенттік үшін жеңіске толы болды. Мыңнан тұлпар «Алтыншы бекет» телехикаясы да бәйгені бастап келді. «Хабар» Агенттігі түсірген болған оқиға негізіндегі телехикая «ТЭФИ-Достастық» телевизиялық жүлдесін жеңіп алды.

Агентттіктің олжасы бұл ғана емес. Хабар өткен жылы 11 жаңа телехикая мен 96 мультфильм түсірді. Ақпарат пен хабар тарату аумағы да кеңейіп, «Кazakh TV» енді әлемнің жетекші жерсеріктік операторларының бірі «Turksat» жерсерігі арқылы да көрсетіле бастады. Осылайша еліміздің ақпараттық-танымдық арнасы Түркиядағы жерсеріктік телеөнімнің 20 миллиондық аудиториясына шықты. Олардың қатарында Беларусь пен Ресей көрермендері де бар.

Солтүстіктегі көрші елдің халқы «Хабар 24» арнасын көре алады. Агенттік енді Иран, Сирия және Египет елдерінен де ақпарат жеткізу мүмкіндігіне ие болды. Агенттік арнасы тұтас ел төңірегінде тікелей эфирде 21 сағат жаңалық таратты. Жұртшылықтың базынасы мен халықтың шағымы «Біздің назарда» бағдарламасының 63 шығарылымында көрсетіліп, шешімін тапты.

Ерлан Бекхожин, «Хабар» Агенттігі» АҚ Басқарма Төрағасы:

- 2019 жылы бүкіл әлемдегі оқиғалардың бел ортасында болдық. Ел ішіндегі жаңалықтарды да қалт жібермедік. «Бекзат» және «Қаламгер» телехикаялары қалың қауым назарына ұсынылды. Қазақстан «Junior Eurovision 2019» шарасына қатысты. Әнші Ержан Максим ІІ орынға ие болды. Биыл сүйікті өнерпазымыз Димаш Азия-Тынық мұхиты хабар тарату одағының фестивалінде өнер көрсетті. «Хабар» Агенттігі өңірде бірінші болып «Орталық Азия таланттарды іздейді» ауқымды жаңа жобасын қолға алды. Оған Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Қазақстанның өнердегі кіл мықтылары жиналды.

«Хабар» арнасының тұрақты өз көрермені бар және олардың қатары жыл өткен сайын көбейіп келеді. Мемлекеттік бағдарламалар, ел өміріне өзгеріс енгізетін жобалар жайында халық ең бірінші «Хабар» арнасынан еститіні жасырын емес. Оған халықтың ықыласы мен жылы лебізі дәлел.

Мына әуесқой түсірілімде 13 жастағы көкшетаулық ұлпа қарға өрнектеп, «Хабар» арнасының логотипін салып жүр. Бүлдіршін өз еңбегін үй ауласындағы футбол алаңында жасап, оны бастан-аяқ бейнекамераға түсіріп алған. Сөйтіп әлеуметтік желіге жүктеген. Бір сәтте 70 мың адам қарап үлгергеніне жасөспірім қайран қалыпты. «Отбасыммен бірігіп «Хабар» арнасын көретіндіктен, арнаның логотипі ойыма орала кетті», – дейді өзі.

Ахмет Қазақбай, 7 сынып оқушысы:

- Қарға салған логотипті биіктен түсіріп алып, оны әлеуметтік желіге салғанмын. Бір күнде 70 мың кісі қараған екен. Менің тағы бір жобам бар. Сол қардан үй салғым келеді. Оны да солай суретке түсіріп, желіге салмақ ойым бар.

«Хабар» Агенттігі үшін әр көрерменің ықыласы қымбат. Агенттік талай жаңа жобаға бастамашы болып, халықаралық деңгейдегі ірі саяси, мәдени, спорттық шараларды тікелей эфирде көрсетуге қашан да әзір. Агенттіктің алдағы жоспары да орасан.

«Хабар» арнасы қосулы болсын!

Авторы: Индира Жылқайдарова

Сондай-ақ...

Серіктестердің жаңалықтары

Загрузка...