Шымкентте былтыр қызылша ауруымен ауырғандар саны 3 мыңнан асқан
Ақ халаттылар қызылша өте жылдам таралатын вирусты жұқпалы аурулардың бірі екендігін айтады. Себебі инфекция ауа жолы арқылы беріледі. Есте сақтайтын тағы бір маңызды жайт: ауру бөртпе шығудан емес, суық тию белгілерімен басталады және дене қызуы 38-40°-қа дейін көтеріледі.
Забира Есенғараева, Қызметтердің сапасын бақылау департаментінің бөлім басшысы:
- Шымкент қаласы бойынша 3 091 адам қызылшамен ауырды. Оның ішінде 2 231-і – 14 жасқа дейінгі балалар. Қызылшамен ауырып жатқандардың 82-83 % – бұрын егілмеген балалар. Бұрын ауырмаған және қызылшаға қарсы егілмеген адамдар 100% жұқтырады. Қызылшадан осындай эпидемиялық жағдайдың ушығуына байланысты Қазақстанда қосымша иммундаулар жүріп жатыр.