Оралда тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару құны қымбаттады
Бұған дейін 215 теңгеден төлеп келген көпқабатты үйдің тұрғындары енді қосымша құн салығын қосқанда 286 теңге, ал жеке жер үйдің тұрғындары жан басына шаққанда 219 теңгенің орнына 292 теңге төлемек. Тарифтің 33% өсуіне тұрмыстық қатты қалдықтар полигонының ескіруі, яғни көң-қоқысты сұрыптап, жинап, жоюға кететін шығындардың ұлғаюы түрткі болыпты.
Қанат Өмірәлиев, ТКШ бөлімі басшысының міндетін атқарушы:
- Басқа облыстармен салыстырғанда, ең орташа тариф біздің облыста. Соған байланысты арнайы шешім шығарылып, қоғамдық кеңесте талқыланды. Қала бойынша «Оралтазасервис» мекемесінің 30-дан астам көлігі жұмыс істеп жатыр. Тариф көтерілген жағдайда олар 2020 жылдан бастап әр жыл сайын 3 техниканы жаңартуды жоспарлап отыр.