Православ христиандары Рождество мерекесін атап өтті
Министр елордадағы Свято-Успенский кафедральді шіркеуіне барып, жиылған жұртқа жылы лебізін білдірді. «Бұл мереке отандастарымызды біріктіре түсіп, елдегі бірлік пен ынтымақтың артуына септігін тигізді», – деді. Одан бөлек қазақстандықтар діни көзқарастарына қарамастан, маңызды діни мерекелерде бір-бірін ұдайы құттықтап жататынын атап өтті.
Дәурен Абаев, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі:
- Бұл мереке өзінің терең мағынасымен Қазақстан халқын біріктіріп отыр. Әрі елімізде конфессияаралық келісім мен бірлікті сақтауға айтарлықтай үлес қосуда. Дініне, этникалық құрамына қарамастан, қазақстандықтар әрқашан бірге. Бұл мереке – жылулық, махаббат пен достық, руханиятты арттырудың шапағатты жолы. Әрқайсыларыңызға бейбітшілік, мейірімділік, махаббат пен өркендеу тілеймін!