Риддер-Сокольный кенішінде жер астында қалып қойған жұмысшы құтқарылды
«Қазцинк» компаниясының мәліметінше, оның жағдайы бірқалыпты. Қазір дәрігерлердің бақылауында. Еске сала кетсек, 5 қаңтар күні Риддер қаласындағы кен орнында тау жынысы опырылып түсіп, бұрғылаушы сыртқа шыға алмай қалған болатын.