Ақтөбе емханаларында қабылдау тәртібі өзгерді
Мәселен, Ақтөбе облысы бойынша бүгінде 25 ұйымның көмегін тегін пайдалануға мүмкіндік туды. Тіпті қымбат ота түрлерін де жасатуға болады. Ал қызмет ақысы жұмыс беруші мен жұмысшының ай сайын бөлген қаржысы есебінен төленбек.
Мемлекет меншігіндегі ауруханалар мен өзге де медицина мекемелері тиісті қормен келісімшартқа отырған. Жаңа жүйеге сәйкес емханаға келген адамды қабылдау тәртібі де өзгермек. Бұдан былай тіркеу бөлімінде азаматтың сақтандыру жүйесімен қамтылғаны немесе қамтылмағаны анықталады.
Салтанат Оңғар, ӘМСҚ АОФ бөлім басшысы:
- Сақтандырылған азамат төлеп отырған қаржы көлеміне қарамастан, барлық медициналық қызмет түрін, жарты миллионға, миллионға, 1,5 миллион тұратын операциялардың барлығын ақысыз түрде ала алады. Ал сақтандырылмаған азамат болса, ол тек қана тегін медициналық қызметке кіретін қызметтерді ғана ала алады. Яғни терапевтке, педиатрға бара алады.