Хабар телеарнасы

Иран Ирактағы АҚШ-тың әскери базаларын зымыранмен атқылады

Бұған қоса Ирактың Эрбиль қаласындағы америкалық нысанға да шабуыл жасалды. Ол үшін жауапкершілікті Ислам революциясы сақшыларының корпусы өз мойнына алды. АҚШ тарапы: «Құрбандар мен жапа шеккендер жоқ», – дейді. Айтуларынша, әскерилер бункерлерге жасырынып үлгерген.