Хабар телеарнасы

Алматыда құтқарушылар жоғалған адамды іздеп жатыр

Кеше түстен кейін сағат 16:00-де қалалық құтқару қызметінің 109 нөміріне «Көкжайлауда белгісіз бір адам аяғын қайырып алып, таудан түсе алмай отыр» деген хабар түскен. Көкжайлауға жеткенде құтқарушылар қоңырау соққан туристерді кезіктіреді. Олар зардап шеккен адамның қай жерде отырғанын түсіндіріп берген. Сол ақпарат бойынша іздестіру жұмыстары жүргізілуде. Бірақ қалың тұман жұмысқа кедергі келтірді. «Бүгінгі іздеу шаралары да ешқандай нәтиже бермеді», – дейді құтқарушылар.