Хабар телеарнасы

Нұрсұлтан Назарбаев Елбасы кеңсесінің басшылығымен кездесті

Жиында Елбасының қызметін қамтамасыз ету аясындағы міндеттердің орындалуы, оның ішінде Қазақстанның Тұңғыш Президентінің қатысуымен өтетін шетелдік сапарлар мен ішкі іс-шараларға дайындық туралы ақпарат берілді. Әсіресе Елбасының 2020 жылға арналған жұмыс кестесіне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар отырысқа қатысушылар халықаралық және аймақтық күн тәртібіндегі мәселелерді талқылады. Кездесу қорытындысында Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар нақты тапсырма берді.