Мемлекет басшысы Парсы шығанағы аймағындағы ахуалға байланысты кеңес өткізді
Онда Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Таяу Шығыстағы елшіліктері мен ондағы қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырды. Мемлекет басшысының ойынша, осы іс-қимылға қатысушы тараптар барынша ұстамдылық танытуы тиіс. «Бұл қақтығыстарды дипломатиялық деңгейде шешуге болады» деген пікірде. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл іске БҰҰ араласып, екіжақты келіссөздер арқылы ортақ мәмілеге келуге болатынын айтты. Сондай-ақ Президент ұлттың мүддесіне қатысты маңызды ақпараттарды алу және талдау жұмыстарын күшейтуді тапсырды. Кеңесте егер халықаралық жағдай шиелене түссе, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму және қорғаныс әлеуетін күшейту мәселелері де талқыланды.