Арнайы құрылған комиссия Абайдың 175 жылдығына дайындық жұмыстарын бастап кетті
Осыған орай халқымыздың ұлы перзентінің мерейтойын лайықты атап өту үшін арнайы құрылған комиссия дайындық жұмыстарын бастап кетті. «Мемлекет көлемінде және халықаралық деңгейде ауқымды іс-шаралар ұйымдастыру жоспарланып отыр», – деп жазды Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.
Бірақ мұның бәрі той тойлау үшін емес, ой-өрісімізді кеңейтіп, рухани тұрғыдан дамуымыз үшін өткізілмек. Өткен жылы Абайдың шығармаларынан үзінді оқу эстафетасы ұйымдастырылды. Ләйлім атты оқушы қыз ұсынған бұл елдік шараға Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып, қолдау көрсетті. Мектеп оқушыларынан ел азаматтарына, тіпті әлемдік деңгейдегі танымал тұлғаларға дейін зор қызығушылық танытып, лезде іліп әкеткен бұл бастама бірнеше айға ұласты. Соның арқасында бүкіл Қазақстан Абай мұрасын тағы бір зерделеп шықты. Бұл – Абайға деген құрмет әрі ұрпақты тәрбиелеудің тиімді тәсілі. Абай жырларын оқу челленджі биыл ақын мерейтойы тұсында жаңаша жанданады деп сенім білдірді Қасым-Жомарт Тоқаев.