Абайдың тұлғасы мен мұрасын ұлықтау шетелдерде жалғасады
Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Egemen Qazaqstan» газетінде жарияланған мақаласында жазды. Ол ұлық тұлғаны дәріптеудің шетелдерде жалғасатынын «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» еңбегінде көрсеткен. Осы мақсатта бірқатар шет мемлекеттегі Қазақстан елшіліктері жанынан Абай орталықтарын құру жоспарланғанын жазды. Ресей, Франция, Ұлыбритания сияқты мемлекеттерде іс-шара жалғасын таппақ.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Ең алдымен Абайды ұлтымыздың мәдени капиталы ретінде насихаттауымыз керек. Өркениетті елдер қазақтың болмыс-бітімін, мәдениеті мен әдебиетін, рухани өресін әлемдік деңгейдегі біртуар перзенттерінің дәрежесімен, танымалдығымен бағалайтынын ұмытпайық. Сондықтан Абайды жаңа Қазақстанның бренді ретінде әлем жұртшылығына кеңінен таныстыру қажет. Бұл – бүгінгі ұрпақтың қастерлі борышы.