Хабар телеарнасы

Қасым-Жомарт Тоқаев: Абайды Қазақстанның бренді ретінде әлемге кеңінен таныстыру қажет

Өз мақаласында ол ұлы ақын шығармаларында адамзат баласына ортақ мұраларды дәріптегенін жазды. Президенттің ойынша, Абайды ұлтымыздың мәдени капиталы ретінде насихаттайтын кез жетті.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Дүние жүзінде ғылым мен білімнің түрлі салаларын дамытуға зор үлес қосып, бүкіл адамзатқа ортақ ойшыл ретінде танылған тұлғалар баршылық. Мысалы, Қытай дегенде Лао-цзы мен Конфуций, Ресей дегенде Достоевский мен Толстой, Франция дегенде Вольтер мен Руссо бірден ойға келеді. Сол сияқты шетелдіктердің бәрі бірдей Қазақстан дегенде бірден Абайдың есімін атайтындай дәрежеге жетуіміз керек. Өзге жұрт «Қазақ халқы – Абайдың халқы» деп бізге ілтипат білдіріп отырса, зор мәртебе болары анық. Абайды жаңа Қазақстанның бренді ретінде әлем жұртшылығына кеңінен таныстыру қажет. Бұл – бүгінгі ұрпақтың қастерлі борышы.