БҚО-да 1 тоннадан аса балық тәркіленді
Соңғы дерекке сәйкес жол талғамайтын көлікті тоқтатып тексеру кезінде бір тоннадан аса балық тәркіленді. Бірнеше қапқа сазан, тұқы, шортан және жайын салынған. Жүргізушінің мәліметінше, балық Атырау облысының аумағында ауланған. Алайда ұсталғандардың балық аулауға рұқсаты болмаған. Айта кетейін, өңірде бір айға созылатын «Браконьер» атты жедел алдын алу шарасы басталды.
Еламан Валиев, Табиғат қорғау полициясының аға инспекторы:
- Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. Нақты шешім ертең сараптама қорытындысы шыққаннан кейін шығады. Бұл балықтың тамаққа қолдануға болатынын немесе болмайтынын сараптама шешеді.