Жамбыл облысында биыл 9 елді мекен газбен қамтылады
Бұл бағытта республикалық және облыстық бюджеттен 6,6 млрд тг қарастырылып отыр. Жоба толықтай жүзеге асырылса, аймақтағы 101 мың халық тұратын 86 ауылға көгілдір отын берілмек. Бұл 2021 жылға жоспарланып отыр. Дәл қазір облыстағы 377 елді мекеннің 50% газбен қамтылған. Жауапты мамандардың айтуынша, 2027 жылға қарай аймақтағы барлық ауылға 100% газ тартылады.
Мәулен Қожақов, Энергетика және ТҮКШ басқармасының бас маманы:
- 2019 жылы республикалық бюджеттен 4 ауданға және облыстың бір ауданына газ құбырын жеткізетін құрылыс жұмыстары басталған. 2020 жылы бұл іс-шараны әрі қарай жүзеге асыру үшін республикалық бюджеттен 6,6 млрд теңге бөлінген. Құрылыс жұмыстарын көктем айларында бастауды жоспарлаудамыз.