Зиялы қауым өкілдері Президент мақаласына пікір білдірді
«Абайдың әлеуметтік, рухани тұжырымдары қазақ үшін қашан да адастырмайтын темірқазық», – дейді зиялы қауым өкілдері.
Сауытбек Абдрахманов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Бұл мақалада алдымен Абайдың ойлары қарастырылған. Сондықтан да Президент Абай шығармаларындағы қазіргі күнге өте қажетті идеяларды алдымен алға шығарып отыр. Осымен де құнды.
Кенжехан Матыжанов, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры:
- «Біріңді дос көрмесең, істің бәрі бос» дейтін Абай бірлік, тұтастық, ынтымақ ең алдымен қазақтың өзінің ішінде болуы керек, содан кейін барып біз сол арқылы адамзатты сүйетіндей биік дәрежедегі интеллектуалды халық болып қалыптасуымыз керек деген дүниені Президент өзінің мақаласында ерекше айтқан.