Абайды ұлықтау арқылы бүкіл руханият жаңғырады
Ақыл мен ойдың кемеңгерін ұлықтау арқылы бүкіл руханият жаңғырады. Сондықтан Президент өз мақаласында әр іс-шараны өткізуде Абайдың айтып кеткен құндылықтарына құлақ асуға үндейді. Сонда ғана қоғам Абай айтқан бүтін адам дәрежесіне көтеріледі. Ақын-жазушылардың айтуынша, енді өткізілетін әр шара тиянақты әрі нақты іске бағытталуы керек. Әсіресе атқарушы биілікке үлкен міндет жүктеліп отыр.
Әлібек Қаңтарбаев, Қазақстан жазушылар одағының ШҚО филиалының жетекшісі:
- Абайдың кемеңгерлігі де, жазып кеткен өлеңдері де бүгінгі Қазақстанның идеологиясына айналып кетсе, нұр үстіне нұр болар еді. Қасым-Жомарт Тоқаев та соны айтып отыр. 175 жылдық мерейтойын ел болып ауқымды өткізсек, көңілге қонымды болар еді. Халық қос қолын көтеріп қолдайтынына күмәнім жоқ.