СҚО-да жемістің ішінен дәріге ұқсас белгісіз зат анықталды
Артынша бірден полицияға хабарласқан. Бірақ бұл жемістердің өңірге қайдан, қанша мөлшерде әкелінгендігі беймәлім. Қазір аталған дерекке қатысты полицейлер қылмыстық іс қозғады. Сараптама тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ.
Сән Жұмағазина, облыстық ПД бас маманы:
- Оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында кешенді іс-шаралар жүргізілуде. Тергеуге мүдделі ведомстволардың мамандары тартылып, қажетті сараптамалар тағайындалды. СҚО полиция департаментінің және облыс прокуратурасының басшылығы сотқа дейінгі тергеудің жүргізілуін бақылауға алды.