Хабар телеарнасы

Жолды қардан тазаламаған мекеме жазаланды

Сондықтан «Қазақавтодор» мекемесі жауапкершілікке тартылды. Олар қыста «жолдарды таза ұстаймыз» деген уәделерін орындамапты. Полицейлер тексеріс арқылы «Алматы-Екатеринбург» тасжолының бір шақырымдай аумағы ақ ұлпадан аршылмағандығынан көлік қозғалысында қиындық туындағанын анықтаған. Енді өз жұмысына салғырт қараған мекеме басшылығы мен қызметкері 85 мың теңге көлемінде айыппұл төлейді.

Асан Талдыбаев, Полиция департаментінің басқарма инспекторы:

 - ҚР Әкімшілік құқықбұзшылық кодексіне сәйкес, жеке тұлғаға 2 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған. Ал «Қазақавтодор» мекемесі ірі кәсіпкерлік нысаны саналғандықтан, оның лауазымды тұлғасы 30 АЕК айыппұл төлейді.