Хабар телеарнасы

Д.Трюдо: Ұшақты Иранның зымыраны атып түсірген

Канада премьер-министрі Джастин Трюдо осылай деп мәлімдеді. Ол ұшақ «жер-ауа» санатындағы зымыранмен атып түсірілгенін растайтын барлау мәліметтері барын айтты. Лайнерге зымыран абайсызда тиюі мүмкін деген болжам бар.

Джастин Трюдо, Канада премьер-министрі:

- Қолда бар мәліметтерге қарағанда оның ішінде біздің одақтас елдің барлау қызметтерінің ақпараттары да бар. Ұшақ Иранның зымыранымен атып түсірілген. Айғақтар «жер-ауа» санатына жататын зымыран қолданылғанын көрсетеді.

 

Иран Канаданың мәліметін жоққа шығарды

Ал Иранның азаматтық авиация ұйымы бұл болжамды негізсіз деп есептейді. Тегеранның мәлімдеуінше, ұшақ техникалық ақауға байланысты апатқа ұшыраған. «Оған экипаждың ұшақты әуежайға кері бұруға талпынысы куә», – дейді.

Еске сала кетейік, бірнеше күн бұрын Тегераннан Киевке бағыт алған Украинаның «Боинг 737» ұшағы апатқа ұшырап, бортындағы барлық адам қаза тапты.