Францияда зейнетақы реформасына қарсы наразылық акциясы өтті
Зейнетақы реформасына қарсы наразылық акциясының жалғасып жатқанына осымен 36 күн болды.
Бұл жолы халық тек Парижде емес, елдің өзге де қалаларында көшеге шықты. Ереуілдер салдарынан Париждің туристік нысаны Эйфель мұнарасының есігі жабылды. Себебі бұл ғимараттың қызметкерлері де наразылардың қатарына қосылған.
Еске салсақ, билік пен кәсіподақ арасындағы келіссөздер сейсенбі күні қайта жанданған еді. Дегенмен тараптар әлі күнге дейін ортақ шешімге келе алмай отыр.