Хабар телеарнасы

Абайды тану санамызға серпіліс береді

Ғұлама Абай – әлемдік деңгейдегі кемеңгер. Бұл – Солтүстікқазақстандық Сәуле Мәлікованың пікірі. Тарих ғылымдарының кандидаты: «Абайдың мұрасы кеңінен дәріптелсе, әсіресе кейінгі толқын жастардың қоғамда өз орнын тауып, кірпіш болып қалануына тың серпін береді», – деп есептейді.

Сәуле Мәлікова, тарих ғылымының кандидаты:

- «Толық адам» концепциясын түгелімен ашып тұрып айтқан. Қоғам қарқынды дамуда. Біз де көштен қалмай, оған бейімделуіміз керек. Мемлекет басшысы жастарға ілгері дамудың жолын көрсетіп тұр.