Алматы облысында 650 адам атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш берді
Ал екі мыңға жуық тұрғын тиісті мекемеге барып кеңес алды. Сала мамандары мемлекеттік жәрдемақы тек тұрмысы төмен көпбалалы отбасыларға ғана берілетінін айтады. Жаңа жүйе аса мұқтаж жандарды анықтап, оларға қаржылай қолдау көрсетуге бағытталған. Ондай жанұядағы еңбекке қабілетті адамдар жұмыспен қамтылады. Егер бас тартса, отбасы әлеуметтік көмектен де қағылмақ. Жалпы облыста 50 мың көпбалалы және тұрмысы төмен жанұя бар. Өткен жылы оларға 30 млрд 600 млн теңгеге жәрдемақы берілді.
Мәулен Сүлеймен, Әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының бөлім басшысы:
- Көпбалалы аналарға жеке санатқа шығарылып, 4 баласы барларға 42 500, жеті баласы барларға 73 мың теңге тағайындалып, ол кісілерге арнайы мемлекеттік жәрдемақы төленуде. Атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған кезде күнкөріс деңгейі мен адам басына шаққандағы айырмашылығы әр отбасы мүшесіне төленетін болады.
Дәурен Мерекенов, қала тұрғыны:
- 6 балам бар. Жолдасым жұмыс істейді. Жәрдемақы алып жатырмыз. Үкіметтің көмегі. 2020 жылдан бастап көпбалалы ата-ана ретінде әр балаға 10 500 теңгеден алты балаға алып жатырмыз.