Н.Назарбаев экономиканы ілгерілетуге қатысты тапсырма берді
Елбасымен кездескен Үкімет басшысы Асқар Маминге осындай тапсырма берілді. Жалпы алғанда, өткен жылы ел экономикасы тұрақты дамыған. Ішкі жалпы өнім 45,5% артқан. Құрылыс, көлік, сауда, байланыс салалары дамудың негізгі драйверлері болып тұр. Экономикаға тартылған инвестиция мен тауар айналымында да өсім бар.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:
- Өткен жылы белгілі болды. 4,5 %. Бұл жағдай жаман емес. Енді биылғы жылды, болашақты ойлау керек. Біздің «100 қадам» деген бағдарламаны қайта қарап, орындалмағанын орындау керек. Қай жерде экономика өседі, қай салаға көңіл бөлу керектігін ойлап, 2020 жылға жеке бағдарлама жасау керек. Құрылыс қалай болады? Ауыл шаруашылығына сын көп. Қайтадан бір қарау қажет.