Алматыда 60 адамды алдаған алаяқ ісіне қатысты сот отырысы өтіп жатыр
Ол сыбайласқан топ құрып, қала орталығынан уақытша кеңсе жалдаған. Жалған құжаттарға қол қойғызып, әр адамнан орта есеппен 3 мың АҚШ доллары көлемінде ақша жинапты. Одан соң Дания мен Норвегияға визалар рәсімделген. Бірақ жат жерге барған адамдар алданғандарын кеш түсінді. Елге оралған соң ақшаларын қайтарып ала алмай, полицияға арызданған. Тек Алматының өзінде алаяқ әйелдің арбауына 60 адам түскен. Қазір оған қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша айып тағылып отыр.
Әйгерім Бөлекбаева, жәбірленуші:
- Мен визалық орталыққа келгенімде ол болмай шықты. Тек жалған құжат жасаған адамдар ғана болды. Ол агенттіктің өзі де, менің Еуропаға баратын жолсапарым да өтірік болып шықты.