Хабар телеарнасы

Қыс түскелі ШҚО-да 470 өрт тіркелген

Негізгі себеп – адамдардың өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамауы. Осы қыста ыс тиіп 5 адам көз жұмды. Барлығы көмірді дұрыс жақпаған. Ескі пеш пен тазармаған мұржадан шыққан көмір түтіні үйге жайылған. Бірер күн бұрын Ұлан ауданындағы жеке үйде өртке қарсы дабыл құрылғысы іске қосылып, отбасының 7 адамы құтқарылды. Өртке қарсы қызмет мамандары соңғы жылдары жер үйлерге дабыл құралдарын орнатуда. Қазір облыста 1300 қондырғы қойылды. Жыл соңына дейін тағы 1300 дана орнатылмақ. Құрылғыларды алуға өңірдегі ірі өндіріс орындары демеушілік көрсететіндіктен, олар тегін қойылады.

Анастасия Скляр, облыстық ТЖД бас маманы:

- Биыл 1 қаңтардан бері Ұлан мен Бесқарағай ауданында улы газ бен өртке қатысты 2 дерек тіркелді. Ол 2 үйде де 1 ай бұрын орнатылған арнайы құрылғы іске қосылып, қайғылы жағдай болған жоқ.