Мұрат Әуезов: Ұлы Абайды тереңірек түсініп, кеңінен танытуымыз қажет
«Сондай-ақ Мемлекет басшысының Семей қаласына жаңа мәртебе беріп, тарихи орталық ету туралы шешімі – данышпан ақынның рухани мұрасына берілген әділ баға», – дейді зиялы қауым өкілдері.
Мұрат Әуезов, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері:
- Бұл мақаланың өзі – үлкен жүйе. Маған сонысы ұнады. Үзінді-үзінді, тарау-тарау болғанымен, бұл – бір жүйе. Демек, Абайды қалай ұғынамыз, Абай кім? Абайды қалай түсінеміз? Абайға үлкен мән беріліп отыр. Оның өзі өте заңды.
Мекемтас Мырзахмет, абайтанушы:
- Абай өз заманының жұмбақ адамы ғой. «Жүрегімнің түбіне терең бойла, мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла». Сол жұмбағын біз шеше алдық па? Шеше алмай жатырмыз. Оның бір үлкен жұмбағы «Толық адам» ілімі еді. Осыны мен 20 жылдай зерттедім. Абайдың «Толық адамына» ілініп, рухани жағынан өзімізді өзіміз тазалап, алдыңғы қатарлы кемел адам болуға талпынуымыз қажет. Себебі біздің қолымызда Абайдың ілімі бар.