Ақмола облысында жаңа үйлер салына бастады
Оларда бас-аяғы 500-ден астам пәтер бар. Баспаналарды жөндеуге 0,5 млрд теңгеге жуық қаржы жұмсалған. Олардың біреуі кезекте тұрғандарға беріліпті. «Ал қалғандарының қожайындары бар», – дейді жергілікті билік өкілдері. Қаңырап бос тұрған тағы бірнеше үй алдағы жылдары жөнделмек. Сондай-ақ қазір қалада әрқайсысы 45 пәтерлі екі бірдей көпқабатты үйдің құрылысы жүріп жатыр. 1600-ден астам адам пәтер кезегінде тұр.
Еркебұлан Баяхметов, Степногорск қаласының әкімі:
- Бірден айта кетуім керек, біз қалыпқа келтірілген үйлерді мемлекет меншігіне алып, кезекте тұрғандарға бере алмаймыз. Себебі «Олар қараусыз қалды» дегенмен, құжат бойынша иелері бар. Жөндеуге кеткен қаржыны да сол қожайындарынан өтеп аламыз. Жалпы биыл 86 жер үйдің құрылысын бастаймыз. Қазір инвестор іздестіріп жатырмыз. Міне, солар кезекте тұрғандарға ипотекаға беріледі.