Интеллектуалды ұлт қалыптастыру идеясы Абайдан бастау алды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласына қатысты өз ойларымен бөліскен қостанайлық зиялы қауым өкілдері: «Сондықтан ақынның әдеби мұраларын ЖОО мен мектептердің оқу бағдарламасына енгізу қажет», – дейді.
Қарлығаш Нұрмұхамбетова, филология ғылымының кандидаты, қауымдастырылған профессор:
- Абайды тану арқылы адам «толық адам» концепциясын менгереді. Сондықтан ЖОО-да, тіпті арнаулы оқу орындарында Абайтану курсын оқыту керек. Көшелерде және жаңағы мемлекеттік орындарда, мекемелерде Абайдың ұлы қағидаларын жазып қойса, өмірден алынған кез-келген сұраққа жауап алар еді деп ойлаймын.