Қарағандыда оқушылар арасында пікірсайыс турнирі басталды
Дебаттық турнир ақын және ағартушы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған. Жоба облыстың барлық қалалық және ауылдық білім беру ұйымында бір уақытта бастау алды. Турнир аясында рухани адамгершілігі жоғары, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу көзделген.
Еркін Нұрмұханбет, «Сарыарқа саңлағы» жобасының жеңімпазы:
- Бұл дебат ойындары әр баланың ойын еркін жеткізуге көмегін тигізеді. Мен үздік спикер болдым. Абай атамыздың сөздерін еске ала отырып өз кейсімді құрастырдым.