Сырдария өзенінің суы қауіпті деңгейге жетті
Өзен арнасындағы қауіпті деңгей – 680 см, ал шекті деңгей 720 см деп белгіленген. Облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының мәліметінше, бүгінде Қызылорда су тоспасынан секундына 370 текше метр су ағып жатыр. Қармақшы ауданы тұсында су жайылу аймақтары белгіленіп, бөгеттер шегенделген. «Сондықтан елді мекендерді су басу қаупі жоқ», – дейді басқарма мамандары.
Ұлжан Шамшадинова, инженер-гидролог:
- Сырдария-Жосалы су бекетінде сағат 4:00-тегі мәлімет бойынша су деңгейі 678 см болып отыр. «Өзен жағалауына су шығу қаупі бар» деген арнайы дабылды ескертулер беріліп, тиісті мекемелерге таратылды.