Ақтөбеде МӘМС жүйесіне енген азаматтар тегін қызметке қол жеткізеді
Барлық медицина мекемесінде түсіндіру жұмыстары жүргізілген. Бұл жүйе елімізде 1 қаңтардан бастап енгізілген болатын. Алайда 1 сәуірге дейін қазақстандықтар шартты түрде сақтандырылған болып есептеледі. Сондықтан емханаларда қызмет тегін көрсетіліп жатыр. Мәселен, Ақтөбе облысында 370 мыңнан астам тұтынушы үшін МӘМС қорына 11 млрд 323 млн теңгенің жарнасы мен төлемі жасалды. Осы жүйе бойынша өңірдегі 850 мыңға жуық тұрғын сақтандыру пакетіне кіретін қызметтерді тегін пайдалана алады.
Олжас Әбішев, ҚР Денсаулық сақтау министрінің орынбасары:
- Біріншіден, медициналық қызметтің көлемі ұлғаяды. Екіншіден, бұрын реабилитация қызметі МӘМС пакетіне кіреді, яғни толығымен тегін көрсетіледі. Науқастар онкологияға қарсы берілетін қымбат дәрілермен, оның ішінде псориазға қарсы қолданылатын дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етіледі. 18 жасқа толмаған балаға дәрігер рецепт беретін болса, көрсетілген дәрінің барлығы толығымен тегін болмақ.